Чунчон қаласында (Оңтүстік Корея) таэквондодан G2 Korea Open 2023 халықаралық турнирі кеше, бейсенбі күні аяқталды.
Иранның ұлттық таэквондо командасы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирдің финалында Аустралия командасынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.
Оңтүстік Кореяда 96 таэквондошының қатысуымен өткен халықаралық турнир барысында Иранның ерлер арасындағы ұлттық таэквондо командасы, соның ішінде Мирхашем Хоссейни, Амир Мохаммад Бахши мен Абулфазл Аббаси екі раундта Аустралия командасынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.
Иранның ұлттық таэквондо командасы бірінші кездесуде Оңтүстік Корея командасын 2:1 есебімен жеңсе, екінші кездесуде Бразилия командасынан 2:0 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.
Ал Қазақстан құрамасының өкілдері аталмыш турнирде бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.



















