Иранның Нано технологияларды дамыту арнайы штабының директоры Емад Ахмадванд елдің осы саладағы өнімдерінің әлемнің 48 еліне экспортталғанын айтты.
Иранның нано өнімдері экспортының 80 пайыздан астамы 5 елге — Ирак, Ауғанстан, Ресей, Түркия және Грузияға жүзеге асырылған.
Ахмадванд 2024 жылдың Наурыз мерекесіне дейін отандық технологиялар негізінде 15-тен астам өнеркәсіптік салада 1808 нано өнім өндіріліп, нарыққа шығарылатынын мәлімдеді.
Санитарлық сантехника, мұнай және газ нанокатализаторы, автомобиль нанокатализаторы, құрылыс және сәндік плиткалар мен оптоэлектрондық өнімдер былтыр Ираннан осы салада ең көп сатылған 5 өнім болды.
Құрылыс, автомобиль және тасымал, мұнай-газ, мұнай-химия деген үш өнеркәсіп саласы өткен жылы Иран нано нарығының ең үлкен көлемін құрады.
Ахмадванд Иранда жасалған нано өнімдер саудасының құны былтыр 1 миллиард 125 миллион долларға тең болғанын айтты.
Иранда соңғы жылдары нанотехнология нарығы айтарлықтай өсіп, өнеркәсіптің барлық саласын қамтыды.
















