Иранның Сауд Арабиясындағы жаңа елшісі Эр-Риядқа сапар алдында Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиянмен кездесті.
Кездесу барысында Иранның Сауд Арабиясындағы жаңа елшісі Әлиреза Энаяти Иранның осы елмен қарым-қатынас саласындағы алдағы жоспарлары жайлы есеп берді.
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиян кездесуде тату көршілестік саясатын дамытып, тереңдету қажеттігіне тоқталып, екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін ескере отырып, Иран мен Сауд Арабиясы арасында қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетсек, Энаяти 2014 жылдан 2019 жылға дейін Теһранның Кувейттегі елшісі болды. Елші қызметіне тағайындалғанға дейін ол Иранның Сыртқы істер министрлігінде Парсы шығанағы істері жөніндегі бас директоры болған.
Иран Сауд Арабиясында өз елшілігін маусым айында ашқан болатын. Елшілік наурыз айында Қытайдың делдалдығымен Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы жеті жылдық ресми байланыстың болмауынан кейін Теһран мен Эр-Рияд арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіруге бағытталған келісімнен кейін ашылды.
![]()

















