Шахшырақ кесенесінде ұсталған лаңкес Тәжікстан азаматы болып шықты. Бұл туралы Фарс облысының әділет басқармасының басшысы мәлім етті, деп жазады ақпарат тілшісі.
Мусави сөзінше, осы уақытқа дейін Шахшырақ кесенесіндегі лаңкестік оқиғаға қатысы бар деген 4 күдікті ұсталды.
Мусави: «Ұсталғандардың бәрі – шетелдік азаматтар»,-деді.
Фарс облысының әділет басқармасының басшысы Шахшырақ кесенесінде ұсталған басты лаңкестің азаматтығына қатысты:
«Бұл адам өзін бастапқы тергеу барысында Тәжікстан азаматы Рахматулла Наурызов деп таныстырды. Лаңкестердің жасырынған үйі де анықталды»,-деді.
Еске сала кетсек, жексенбі, 13 тамыз күні бір қарулы лаңкес Шираз қаласындағы хазірет Шахшырақ кесенесінің Баб-ул-Махди есігінен кіріп, қауіпсіздік күштерімен қақтығысып, зияратшылар мен қызметшілерге оқ жаудырды. Орын алған оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 8 адам жараланған.















