Иранның Барлау министрлігі Израильмен байланысы бар сепаратистік лаңкестік топты жойды.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Барлау министрлігінің арнайы қызметтері операция барысында елге кіруді жоспарлаған сионистік режиммен байланысы бар сепаратистік лаңкестік топты анықтады.
Бұл сепаратистік лаңкестік топ көшеде тәртіпсіздіктер, лаңкестік әрекеттер жасау және тұрақсыздық тудыру мақсатында Ирак Күрдістанынан Иранның Батыс Әзірбайжан облысына енуді жоспарлаған. Бірақ, арнайы операция барысында бұл лаңкестік топ анықталып, жойылды.
Операция кезінде лаңкестік топтың негізгі мүшелерінің бірі өлтірілді. Ал, қалған екеуі қамауға алынып, қарулары тәркіленді.
Айта кетейік, сионистік режим 25 қазаннан 26 қазанға қараған түні Иранның Тегеран, Хузестан және Илам облыстарындағы әскери нысандарға шабуыл жасаған болатын.


















