Иранның медицина ғылымдары университеті (IUMS) халықаралық деңгейде танылу бағытында айтарлықтай серпіліс жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Тәуелсіз Shanghai Ranking Consultancy (ARWU) ұйымы әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының рейтингін жариялады. Иранның медицина ғылымдары университеті рейтингте Иранның ең үздік медициналық университеті деп танылды.
Университет әлемдік рейтингте бірден 100 орынға көтерілген. IUMS “Медицина” санаты бойынша әлемдегі ең үздік 201–300 жоғары оқу орындарының қатарына еніп, Ислам Республикасы бойынша медициналық оқу орындарының ішінде бірінші орынды иеленді.
IUMS-тің халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Меһди Моқтадайи әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі саналатын Шанхай рейтингісіндегі бұл жетістіктің университеттегі ғылыми зерттеулердің жоғары сапасы мен академиялық тиімділігін дәлелдейтінін атап айтты.
Шанхай рейтингі университеттерді алты ғылыми бағыт бойынша сандық қатаң көрсеткіштерге сүйене отырып бағалайды.
Бағалау барысында жоғары рейтингілік журналдардағы жарияланымдар саны, халықаралық ынтымақтастық деңгейі және беделді ғылыми сыйлықтардың болуы сияқты өлшемдер ескеріледі.
Меһди Моқтадайи: “Бұл жетістік — медицина ғылымдарын дамыту және ғалымдарымыздың халықаралық деңгейдегі белсенділігін арттыру бағытындағы жүйелі еңбектің нәтижесі”, — деді.
















