Eurasiatoday
Четверг, 26 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

«Силикон алқабының» Газадағы қырғын машинасымен сыбайластығы

  • ТОП жаңалықтар
  • 4 февраля, 2026 18:37

Loading

Америкалық технологиялық компаниялар мен Израиль режимінің әскери құрылымы арасындағы жасырын байланыстың құпиясы тағы әшкере болды.

Google-ға қарсы құпия шағымның ашылуы Батыстың технологиялық алпауыттары этика мен әлеуметтік жауапкершіліктің тасасында Газадағы бақылау мен қырғын тізбегінің бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Мұнда жасанды интеллект даму құралы емес, соғыстың үнсіз әрі дәл әрекет ететін қаруы ретінде қолданылуда.

«Батыстың бақылаушы» тобы: Washington Post басылымы зерттеген жаңа ақпарат америкалық технологиялық компаниялар мен Израиль режимінің әскери құрылымы арасындағы жасырын байланыстың құпиясын тағы әшкере етті. 

Тақырыпқа орай:

NBC News: Трамп әкімшілігі Иран басшыларының көзін жою мүмкіндігін қарастыруда

NBC News: Трамп әкімшілігі Иран басшыларының көзін жою мүмкіндігін қарастыруда

25.11.2026

Осы есепке сәйкес, Google-дың бұрынғы қызметкері АҚШ-тың Құнды қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC) федералды әшкерелеуші ретінде шағым түсірген. Ол Google компаниясы өзінің ресми саясатына қайшы келе отырып, Газадағы соғыспен тікелей байланысты ұшқышсыз ұшу аппараттарын бақылау жобаларында жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға көмектескенін мәлімдеді.

Бұл әшкерелеу Газадағы бейбіт тұрғындарды қыру кадрлары қоғамның жадынан өше қоймаған және батыс технологияларының заманауи соғыстардағы рөлі әлемдік БАҚ-тың басты талқылау тақырыбына айналған уақытта жарияланды.

Google-дың жариялаған этикасын ашық түрде бұзуы

Google көптеген жыл бойы өзін этикаға негізделген жасанды интеллекттің ізашары ретінде танытып келеді. Компания өз қызметкерлерінің, әсіресе «Nimbus» жобасына қарсы жаппай наразылығынан кейін, жасанды интеллектті қару жасау мен әскери бақылау үшін пайдалануға тыйым салатынын ресми түрде жариялаған болатын. Тіпті 2024 жылы бұл саясаттар көпшілік алдында қайта қаралып, жарнамаланды.

Алайда шағымға тіркелген ішкі құжаттар Google-дың «Gemini» технологиясы белгілі бір кезеңде Израиль әскери құрылымымен байланысты мердігерге берілгенін және дрондардан алынған бейнежазбаларды талдау мен өңдеу үшін пайдаланылғанын көрсетеді. Дәл осы дрондар Газадағы барлау және нысанаға алу операцияларында шешуші рөл атқарады.

Бұл жердегі басты мәселе осы ынтымақтастық Google медиа деңгейінде өзін Израиль армиясынан бөлек көрсетуге тырысып жатқан кезеңде орын алған. Қоғам алдындағы сөз бен іс жүзіндегі әрекеттің арасындағы алшақтықтың тереңдігі соншалықты, оны жай ғана техникалық қателік деп атау мүмкін емес.

Батыстың технологиясы — аты аталмаған қару

Газа соғысы тек зымырандар мен танктердің шайқас алаңы емес, бұл соғыс — заманауи бақылау технологиялары мен жасанды интеллекттің сынақ зертханасы. Бет-әлпетті тану алгоритмдерінен бастап, әуе кескіндерін талдауға дейін бәрі де нақтырақ нысаналар банкін құруға қызмет етеді. Бұл банк, сайып келгенде, нақты адамдардың өліміне әкеп соғады.

Бұл тұрғыда Google сияқты компаниялардың рөлі жай ғана техникалық немесе жанама емес. Жасанды интеллект платформасы дрон кескіндерін талдауды оңтайландыруға көмектескенде, ол шүріппені өзі баспаса да, әскери шешім қабылдау цикліне тікелей қатысады.

Батыс көпн жыл бойы мұндай қатысуды «шектеулі техникалық қолдау» немесе «технологияның қосарлы қолданылуы» деген терминдермен бүркемелеуге тырысып келеді. Бірақ Газа тәжірибесі көрсеткендей, асимметриялық соғыстарда осы шектеулі қолдаудың өзі тұтас бір ауданның өмірі мен өлімі арасындағы айырмашылықты айқындай алады.

Америкалық компаниялардың «бейтараптығы» туралы аңыз

Батыстық либералдық дискурстың негізгі тіректерінің бірі — жеке компаниялардың бейтараптығы туралы уәж. Яғни, технологиялық алпауыттар саясаттан тыс ойыншылар деген түсінік. Соңғы әшкерелеу бұл аңызды одан бетер күл-талқан етті.

Google, Amazon және басқа да Силикон алқабының компаниялары тек АҚШ-тың саяси экономикасының бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар геосаяси маңызды сәттерде Вашингтон мен оның одақтастарының стратегиялық мүдделерінің жағында тұрады. Израиль әскери құрылымымен ынтымақтастықты осы мүдделер бірлігі — қауіпсіздік, қаржы және технологиялық мүдделердің тоғысуы аясында түсінуге болады.

Бұл арада қызметкерлердің наразылығы мен этикалық мәлімдемелер шынайы өзгерістің белгісі емес, көбіне қоғамдық пікірді басқару құралына көбірек ұқсайды. Келісімшарттар, аймақтық ықпал және технологияларды далалық сынақтан өткізу мәселесі туындағанда, этика шетке оңай ысырылады.

Газа — батыс нарративінің күйреу айнасы

Газада болып жатқан жағдай тек адамзат қасіреті ғана емес, бұл — Батыстың адам құқықтары, жауапкершілік және адамға бағытталған технологиялар туралы ертегісінің біртіндеп күйреуі. Жасанды интеллектті этикалық басқару туралы айтатын елдер бейбіт тұрғындардың қырылуына жанама түрде қатысып отырса, бұл ұғымдарды бұдан былай байыппен қабылдау мүмкін емес.

Google-дың бұл сыбайластығы — осы құрылымдық қайшылықтың айқын мысалы. Бұл қайшылық Батыстың, тіпті ең озық технологиялық салаларда да, әлі күнге дейін отарлау, үстемдік және әскери басымдық логикасын жаңғыртып отырғанын көрсетеді. Тек айырмашылығы — құралдар заманауи, ал тіл көркемделген.

Бүгінгі Газа тек палестиналықтардың қарсыласу алаңы емес, Батыстың этикалық масқарасының алаңы. Әрбір жаңа ақпарат бұл масқараның тағы бір қабатын ашып отыр.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

NBC News: Трамп әкімшілігі Иран басшыларының көзін жою мүмкіндігін қарастыруда

NBC News: Трамп әкімшілігі Иран басшыларының көзін жою мүмкіндігін қарастыруда

25.11.2026
Америкалықтар Иранмен соғыстың дереу  аяқталуын қалайды

Америкалықтар Иранмен соғыстың дереу  аяқталуын қалайды

25.11.2026
Сауд режимі Йеменнің Әл-Ходейда әуежайы мен портына шабуыл жасады

Сауд режимі Йеменнің Әл-Ходейда әуежайы мен портына шабуыл жасады

25.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026

Басты жаңалықтар

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Бағдат пен Ташкент арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Бағдат пен Ташкент арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.