Хорасан-Разави провинциясы губернаторының орынбасары Хасан Нуризаде Мешхед қаласында инвестициялық мүмкіндіктер көрмесі және Орталық Азия мен Ауғанстанға экспорт халықаралық көрмесі өтетінін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Хорасан-Разави провинциясы губернаторының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Хасан Нуризаде кеше, дүйсенбі күні IRNA агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Мешхед қаласында Иранның еркін және арнайы экономикалық аймақтарының инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуетінің сегізінші көрмесі және Орталық Азия мен Ауғанстанға экспорт халықаралық көрмесі өтеді.
Хасан Нуризаденің айтуы бойынша, көрме Мешхед қаласының Халықаралық көрмелер кешенінде бүгін басталады.
Хасан Нуризаде көрмеге Орталық Азияның 10 елінен және көршілес елдерден келген кәсіпкерлер мен экономика саласының белсенділері қатысатынын айтты.
Көрмеге Түркіменстаннан 80 кәсіпкер мен бизнес өкілдері, Тәжікстаннан 21 кәсіпкер мен бизнес өкілдері, сондай-ақ, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей мен Пәкістан және Орталық Азияның басқа да елдерінен келген кәсіпкерлер қатысып, Иранның, әсіресе Хорасан-Разави провинциясының экономикалық және экспорттық әлеуетімен, сондай-ақ осы елдің еркін және арнайы экономикалық аймақтарының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысады.
Көрме 2024 жылдың 22-25 қазан күндері өтеді.


















