Иранның Әуе қорғанысы күштері Ормұз бұғазындағы Қешм аймағында дұшпанның Orbiter типті ұшқышсыз ұшағының көзін жойды.
Бүгін таңертең Иранның Қешм аймағында осы елдің әуе қорғанысы күштерінің жүйесі басқыншы жаудың Orbiter типті бір ұшқышсыз ұшағын атып түсірді.
Иран Әскері бүгін сенбі күні, 30 мамырда жариялаған мәлімдемесінде: «Бүгін таңертең америкалық-сионистік басқыншы жаудың «Орбитер» үлгісіндегі ұшқышсыз ұшағы елдің Әуе қорғанысы бірлескен штабының интеграцияланған желісінің бақылауымен, Әуе қорғанысы күштері жүйесінің сәтті аңдуы мен соққысы нәтижесінде Қешм аймағында нысанаға алынып, жойылды», — деп хабарлады.
Еске салайық, бұл — АҚШ пен Иран арасында биыл сәуір айының басында жарияланған атысты тоқтату бітімі орнаған жағдайға қарамастан жалғасып жатқан әрекет.
Айта кетейік, Orbiter — Израильдің Aeronautics Defense Systems компаниясы жобалап, өндіретін көпмақсатты барлаушы ұшқышсыз ұшағы. Аппарат «ұшатын қанат» схемасы бойынша құрастырылған. Дыбыссыз жұмыс істейтін электрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Оны бір ғана оператор басқарады. Рюкзакпен тасымалдауға ыңғайлы, катапультадан ұшыруға дайындық жұмыстары он минут уақыт алады, ал қонуы парашюттің көмегімен жүзеге асырылады.

















