Иранның ұлттық бодибилдинг командасы Киш аралында өткен ерлер арасындағы бодибилдингтен 78-ші әлем чемпионатының чемпионы атанды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бодибилдинг пен фитнес бойынша ерлер арасындағы 78-ші әлем чемпионаты жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер санаттарында алғаш рет Иранның Киш аралында 23-26 қыркүйек аралығында өтті.
Аталмыш іс-шараның басында Киш аралында өткен Дүниежүзілік федерация конгрессіне 65 елдің өкілдері қатысты. Спортшылар сайысы бодибилдингтің түрлі бағыты бойынша сейсенбі күні басталып, бейсенбі күнге дейін жалғасты. Нәтижесінде Иранның ұлттық бодибилдинг және фитнес құрамасы табысты өнер көрсетіп, барлығы 153 медаль, оның ішінде 51 алтын, 52 күміс, 50 қола жеңіп алды.
Бодибилдинг немесе дене мәдениеті — спорттың бір түрі. Бодибилдингтің басқа спорт түрлерінен айырмашылығы — күштің емес, дененің әдемі рельефінің қалыптасуына басты назар аударылуында.
















