Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиан Әзірбайжанға ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің АПА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиан бүгін таңертең Әзірбайжан астанасы Бакуге Оңтүстік Кавказ аймағы елдерімен саяси және қауіпсіздік қатынасты нығайту мақсатында ресми сапармен келді.
Әли Акбар Ахмадианды Баку әуежайында әзірбайжандық әріптесі Рамиль Усубов күтіп алды.
Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Бакуде Әзірбайжан Президенті Илһам Алиевпен кездесіп, келіссөз жүргізеді.
Сонымен қатар, Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Арменияға да ресми сапармен барады.
ИРНА агенттігінің хабарлауынша, Ахмадиан Ереванда Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездеседі.
Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадианның сапары әзірбайжандық және армяндық әріптестерінің шақыруымен жүзеге асуда.

















