Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Әбдел Ати Иранның ядролық бағдарламасы әскери жолмен шешілмейтінін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Бадр Әбдел Ати Америка Құрама Штаты президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдеді.
Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Әбдел Ати сұхбат барысында аймақтағы шиеленісті азайту қажеттігін қуаттап, Иранның ядролық бағдарламасының әскери шешімі жоқ екенін баса айтты.
Мысыр Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Тәмим Халафтың айтуынша, телефон арқылы әңгіме барысында Бадр Әбдел Ати Стив Уиткоффты Газадағы атысты тоқтату келіссөзіндегі соңғы оқиғалардан, атап айтқанда ХАМАС қозғалысының атысту тоқтату ұсынысымен келіскені туралы хабардар етті.
Мысыр Сыртқы істер министрі ХАМАС қозғалысының әділетсіз соғысты тоқтату мақсатында Америка Құрама Штатының ұсынысымен келісуін пайдалану қажеттігін атап айтты.
Бадр Әбдел Атидың айтуынша, соғыс қимылдарын тоқтатып, Палестина мәселесін әділ шешу үшін 60 күндік атысты тоқтатуды пайдалану қажет.
Сондай-ақ, Мысыр Сыртқы істер министрі аймақтағы қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Мысыр мен Америка Құрама Штаттарының бірлескен әрекеттерін жалғастырып, Палестина мен Израиль арасындағы қақтығысты тоқтатуға күш салу қажеттігін баса айтты.



















