Ресейдің Тегерандағы Елшісі Иранның халықаралық стандарттарға адал және осы елдің ядролық қару жасау жоспарын көрсететін ешқандай дәлелдің жоқ екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ресейдің Тегерандағы Елшісі Алексей Дедов “Россия 24” телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Елші жүргізушінің Батыс елдерінің Тегеранға қарсы санкцияларды ұзарту туралы қоқан-лоққылары аясында Иранның лауазымы жоғары тұлғаларының елі Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екендігі туралы мәлімдемелеріне қатысты қойылған сұраққа: “Менің ойымша, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығу туралы мәлімдеме Батыс елдерінің Иранға қарсы қоқан-лоққыларына ескерту ретінде қарастырылуы керек.
Иран шын мәнінде осы шартты дәл және уақтылы орындайтын елдердің бірі болып табылады. Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік Иранда көп тексеру жүргізді. Иранның ядролық қару жасау жоспарын көрсететін ешқандай дәлел жоқ.
Керісінше, Батыс Иранды қатаң қадамдар жасауға итермелеуге тырысуда. Бірақ, біз Иран мұндай арандатушылық әрекеттерге тиімді қарсы тұрады деп үміттенеміз”, -деді.



















