Мохаммад Бақери Иран халқына қарсы салынған қысым мен санкцияларға қарамастан, елінің алға басып, аймақта ұлы державаға айналатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мохаммад Бақери кеше, бейсенбі күні “Шаһид Баһман Бақери” көп мақсатты кемесін Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштеріне табыстау рәсімінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Мохаммад Бақери: “Революцияға дейін Иранның әскери техникасының 90 пайыздан астамы импортталса, қазір бұл техниканың 90 пайыздан астамын ирандық жастар мен ғалымдар шығарады.
Иранның әскери жетістіктері теңдессіз. Дегенмен, еліміздің тәуелсіздігі үшін қорғаныс қабілетін күннен-күнге арттыруымыз керек. Қорғаныс пен тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз ету — қарулы күштердің міндеті. Олар бұл маңызды жауапкершілік туралы хабардар және олар немқұрайлылық танытпайды”, -деді.
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы елінің географиялық орналасуына, теңіз қуатын дамыту және ашық суларда ұлттық мүддені қорғау саясатына да тоқталып: “Қарулы күштер қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті”, -деді.
Ол “Шаһид Баһман Бақери” деп аталатын жаңа кемені таныстырып: “Бұл көп мақсатты кеме Иран халқының мүддесін қорғау үшін әлемнің шалғай суларында мобильді база ретінде әрекет ете алады”,- деп мәлімдеді.


















