Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Израильдің аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қатер төндіретінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Израиль режимінің жуырдағы Сирияға қарсы шабуылдарын қатаң айыптады.
Амир Саид Иравани бейсенбі күні кешке Израильдің Сирияға жасаған шабуылдарына қатысты өткен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында сөйлеген сөзінде әскери соққылардың Израильдің Сирияның Голан төбелерін басып алу қылмыстары жалғасып жатқан тұста орын алғанын мәлімдеді.
Иравани: “Израиль режимі ондаған жыл бойы осы басып алынған аумақта заңсыз аннексиялау және елді мекендер құрылысын кеңейту саясатын жалғастырып келеді. Бұл әрекеттер БҰҰ Жарғысы мен Қауіпсіздік кеңесінің көптеген қарарына толығымен қайшы келеді”, — деді.
Ираванидің айтуынша, Израильдің АҚШ және бірқатар Батыс елінің әскери және саяси қолдауының арқасында жалғастырып жатқан агрессивті саясаты салдарынан аймақ қауіпсіздігі ең үлкен қатерге тап болып отыр.
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: “Сирияға жасалған шабуылдар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әрекетсіздігінің және халықаралық қауымдастықтың тежеу шараларын қолданбауының тікелей салдары болып табылады. Израиль режимі халықаралық құқықты жүйелі түрде бұзғаны үшін ешқашан жазаланған жоқ. Сонымен қатар, режим толығымен жазасыз қалуды пайдаланып, агрессивті саясатын жалғастыруда”,- деді.




















