Израиль АҚШ-тың көмегімен Иранға соққы беріп, азаматтық нысандарына шабуыл жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Қарулы күштерінің өкілі, бригада генералы Абулфазл Шекарчи мәлімдеді.
Шекарчи Тель-Авив шабуылы үшін жоғары құн төлеп, Иран армиясының шешуші әрекетін күтуі керектігін баса айтты.
Сондай-ақ, бригада генералы Иран Қарулы күштерінің 100 пайыз жауынгерлік әзірлікте екенін мәлімдеді.
Израильдің шабуылдары туралы алғашқы хабарлар Тегеранның жергілікті уақыты бойынша таңғы сағат 03:00 шамасында пайда болды.
Кейін Иранның басқа провинцияларында бірнеше жарылыс болды.
Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран аумағындағы әртүрлі нысанға 240-тан астам әуе шабуылы жасалды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Израильдің жаппай әуе соққыларынан Иранның әскери басшылары мен ядролық ғылыммен айналысқан ғалымдары қаза тапты.
Сонымен қатар, Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мохаммад Бақеридің де қаза тапқаны хабарланды.
Сондай-ақ, шабуылдан бейбіт тұрғындар да қаза тапты. Бірақ олардың нақты саны белгісіз. Ресми мәлімет бойынша, шабуылдан 5 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жараланған.
Шабуылдан кейін Иран Сыртқы істер министрлігі мен осы елдің діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеи ресми мәлімдеме жасады.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі Израильдің Иранға соққы беруін БҰҰ жарғысын бұзу деп атап, Тегеран бұған жауап беруге құқылы екенін мәлімдеді.
Хаменеи халқына жолдауында Иран Қарулы күштеріне Израильдің соққыларына жауап беру еркіндігін беретінін айтты.

















