Сионистік режим ДДСҰ-ның Дейр-эль-Балах қаласындағы ғимараты мен дәрі-дәрмек сақтайтын қоймасына шабуыл жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, ДДСҰ кеше, дүйсенбі күні кешке сионистік режимнің Дейр-эль-Балах қаласындағы ұйым ғимараты мен дәрі-дәрмек сақтайтын қоймасына шабуыл жасағанын мәлімдеді.
ДДСҰ-ның мәліметінше, шабуыл салдарынан дәрі-дәрмек сақтайтын қойма толығымен жойылып кеткен.
Сонымен қатар, ДДСҰ шабуыл кезінде ұйым қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің өміріне үлкен қауіп төніп, психологиялық зардап шеккенін ескертті.
Шабуылдаушылар ұйымның қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің қолдарына кісен салып, шешінуге мәжбүрлеген. Содан кейін қарумен қорқытып, олардан жауап алған.
Ұйымның Бас директоры Тедрос Гебрейесус бұл туралы мәлімдеме жасап, ұйым қызметкерлері шабуылға қарамастан, жұмысын жалғастыратын айтты.
Дейр-эль-Балахта қазір Газа секторының оңтүстігінен келген бейбіт тұрғындар тұрып жатыр.




















