Израиль мен ХАМАС қозғалысы Газаға қатысты жоспардың бірінші кезеңі бойынша келісімге келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп кеше, 8 қазан күні Truth Social сайтында жазды.
Трамп: “Бұл барлық кепілге алынғандар жақын арада босатылады дегенді білдіреді. Сондай-ақ Израиль тұрақты, берік және бейбітшілікке алғашқы қадам ретінде өз әскерін келісілген шепке шығарады”, деп жазды.
Сонымен қатар, Дональд Трамп мәлімдемесінде Америка Құрама Штаттарымен осы тарихи және бұрын-соңды болмаған оқиғаның орын алуы үшін араағайындық рөлін атқарған Қатар, Мысыр және Түркия елдеріне алғыс айтты.
Дональд Трамп 12 қазан күні келісімге қол қоюға қатысу үшін Таяу Шығысқа ұшуға дайын. Ол Ақ үйде өткен баспасөз брифингінде: “Мен ол жерге аптаның соңына қарай, мүмкін жексенбіде баратын шығармын” — деді.
Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында Газа секторында ХАМАС ұстаған кепілге алынғандар дүйсенбі, 13 қазанда Израильге оралуы мүмкін екенін айтты.



















