Израиль Париж Олимпиадасы қарсаңында палестиналық спортшыларды қасақана өлтіруде.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, палестиналық спортшылардың өлтірілуіне қарсылық білдірушілер Израильдің Париж Олимпиадасына қатысуын сынға алды. Палестина Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Джабриэл Ражабтың айтуы бойынша, 2023 жылдың 7 қазанында Газа секторында соғыс басталғаннан бері 350 палестиналық спортшы, жаттықтырушы және спорт қайраткері қаза тапты. Қаза тапқандардың 250-і – футболшы.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, осы аптада Израильдің әл-Мавасиге жасаған шабуылынан тағы бір көрнекті қақпашы қаза тапқан. Сондай-ақ, жеңіл атлетші Васим Амин Әбу Диб те осы аптада Хан Юнистегі жарылыстан көз жұмды. Өткен айда да бірнеше палестиналық спортшы Израильдің шабуылы салдарынан қаза тапқан болатын. Олардың ішінде Израиль әуе шабуылынан ауыр жарақат алып, көз жұмған халықаралық төреші Һани Месмех те бар. Құқық қорғаушылар Олимпиада ойындарында геноцидке арналған алаң жоқ екенін, Халықаралық Олимпиада комитеті Израильді қара тізімге енгізуі керектігін айтып, Израильді Олимпиада ойындарына қатысудан шеттетуге шақырды.



















