Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзіне қатысты бұрыннан жалғасып келе жатқан сыбайлас жемқорлық істері бойынша кешірім жасау туралы ресми өтінішін ел президентіне жолдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Премьер-министрдің кеңсесі Нетаньяхудың Израиль Президенті Ицхак Герцогқа ресми түрде кешірім жасау туралы өтініш жібергенін растады.
Президент Ицхак Герцог бұл өтінішті мұқият қарастыратынын мәлім етті. Ал, Президент кеңсесі бұл өтінішті салдары айтарлықтай маңызды, ерекше сипаттағы құжат деп бағалады.
Нетаньяху бір беттен тұратын өтінішінде қылмысын мойындамай, жалғасып жатқан сот үдерісі ел ішіндегі бөлінуді күшейткенін айтып, егер іс тоқтатылса ұлттық татуласуға жол ашылатынын жазған.
Айта кетейік, Нетаньяху пара алу, алаяқтық және қызметін асыра пайдаланғаны туралы бөлек үш іс бойынша айыпталды. Израиль премьер-министрі барлық айыпты жоққа шығарып, істі саяси қарсыластарының қудалауы деп атады.



















