Израиль Президенті Ицхак Герцог бүгін сәуірдің 27 күні Қазақстанға екікүндік ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Сапар аясында Герцог Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және осы елдің басқа да ресми тұлғаларымен, сондай-ақ жергілікті еврей қауымдастығымен кездеседі.
Израиль президентінің баспасөз қызметі Герцогтың: «Мен досым Президент Тоқаевтың шақыруымен ресми сапармен Қазақстан астанасы Астанаға жаңа ғана табан тіредім. Қазақстан — ерекше табиғаты, мәдениеті мен сұлулығы мені әрдайым тәнті ететін, әлемдік маңызы бар ел.
Израиль мен Қазақстан арасындағы бұрыннан келе жатқан серіктестіктің екі ел үшін де маңызы зор, ал біздің дамып келе жатқан байланысымыз халықтарымызға игілік әкелуде. Бұл маңызды қарым-қатынас былтыр Қазақстанның «Ибраһим келісімдеріне» қосылуынан кейін одан әрі нығая түсті. Бұл мұсылмандар, христиандар мен еврейлер арасындағы ынтымақтастық рухын көрсетеді», — деген сөзін жариялады.












