Израиль Cыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті Иранның зымыран шабуылына қатысты сын айтпағаны үшін «нон грата тұлға» деп жариялады.
Еуразия Тудейдің РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кац мәлімдеді.
Израиль СІМ мәлімдемесінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті «нон грата тұлға» атап, оған сионистік режим жеріне кіруге тыйым салынды.
Ynet порталының мәліметінше, Кац Иранның Израильге жасаған шабуылын айыптамаған кез келген адам Израиль жеріне кіруге лайық емес деп мәлімдеген.
Сондай-ақ, Израиль СІМ басшысы мәлімдемеде «лаңкестерді қолдайтын, Израильді жек көретін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш» Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихында таңба ретінде есте қалады деп айтқан.
Бұған дейін Гутерриш Х әлеуметтік желісінде Батыс Азиядағы шиеленістің кеңеюін айыптайтынын және атысты тоқтатуға шақыратынын жазды. Алайда, БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемесінде не Израиль, не Иран туралы айтылмаған. Сонымен қатар сионистік режим Израильге былтыр күзде жасалған шабуылдан кейін Хамастың лаңкестік ұйым деп жарияланбағанына да ашулы.



















