Индонезия Израиль спортшыларына гимнастикадан әлем чемпионатына қатысуына тыйым салды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Индонезия Израиль спортшыларына осы айдың соңында Джакартада өтетін спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына қатысуға тыйым салғанын хабарлады.
Индонезияның Заң, адам құқықтары, көші-қон және реформа жөніндегі үйлестіруші министрі Юсрил Ихза Махендра бейсенбі, 9 қазан күні израильдік спортшыларға виза берілмейтінін мәлімдеді.
Ол Instagram парақшасында: “Үкімет Джакартада өтетін спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына қатысуға ниетті израильдік спортшыларға виза бермейді. Бұл қадам Индонезияның Палестинаның тәуелсіздігін қолдауына байланысты жасалды”, — деп жазды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 19–25 қазан аралығында Джакарта қаласында өтеді.



















