Израильде премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен кабинетінің Газа секторын басып алу жоспарына қарсы жаппай шеру басталды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Негев, Галилея және ұлттық тұрақтылық істері министрі Ицхак Вассерлауфтің үйінің алдында наразылық шеруі басталды. Бұл туралы Израильдің 12-арнасы хабарлады.
Телеарнаның хабарлауынша, Ход Хашарон қаласындағы Израиль Білім министрі Йоав Киштің үйінің алдына да жүзге жуық адам жиналған. Сонымен қатар, осындай шерулер Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац пен стратегиялық мәселелер жөніндегі министр Рон Дермердің үйлерінің алдында да өтіп жатыр.
Израиль БАҚ мәліметінше, Биньямин Нетаньяху мен кабинетінің саясатына қарсы наразылық шерулері өткен көптеген ауданда жолдар мен көшелер жабылған.
Тель-Авив пен Израильдің басқа да қалаларында үкіметтің Газаны басып алу туралы шешіміне қарсы наразылыққа шыққан мыңдаған адам қақтығысты тоқтатып, Газадағы тұтқындарды босатуды талап етті.
Наразылық шеруі кеше, жексенбі күні 2024 жылдың 7 қазанында ХАМАС қозғалысы шабуылды бастаған таңғы сағат 6:29-ға сәйкес басталды. Наразылық шеруін “Қазан кеңесі” ұйымдастырды.



















