Өзбекстан мен Ауғанстан энергетика саласында жалпы құны 243 миллион долларды құрайтын маңызды төрт келісімге қол қойды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша келісімшарттар екі ел арасындағы энергетикалық байланысты нығайтуға бағытталған инфрақұрылымдық төрт ірі жобаны жүзеге асыруды көздейді.
Келісімдерге Кабулда Талибан премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары молла Абдул Ғани Барадар мен Өзбекстанның Энергетика министрі Джурабек Мирзам Махмудовтың қатысуымен қол қойылды.
Бұл жобалар алдағы 18 ай ішінде жүзеге асырылады деп жоспарланған. Ауғанстан осы жобаларды іске қосу арқылы Өзбекстаннан 800-1000 мегаватт электр энергиясын импорттай алады.

















