Британдық The Economist апталық журналы Израильдің Иранмен тікелей соғыста толық жеңіске жету мүмкіндігін аз деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша The Economist журналы бұл туралы Израильдің Иранмен соғысындағы сәтсіздігінің 3 негізгі себебін көрсететін талдауда мәлімдеді.
The Economist журналы 2025 жылғы 19 маусым күнгі жаңа санында екі ел арасындағы әскери саладағы оқиғаларға талдау жасап, Израильдің Иранды жеңе алмауының үш негізгі себебін атады.
- Иранның географиялық көлемі әскери инфрақұрылымның жойылуына тосқауыл жасайды.
The Economist былай деп жазды: «Иран стратегиялық тереңдік пен географиялық көлемі тұрғысынан үлкен өлшемге ие ел. Иранның Газа мен Ливанның оңтүстігінен айырмашылығы оны қысқа мерзімде және бірнеше шектеулі операциямен тиімді түрде әлсірету мүмкін еместігінде. Иранның зымыран базалары мен әскери орталықтарының бүкіл елде шашыраңқы орналасуы осы елге соққы беру деңгейін төмендетіп, Израильдің нақты бір жерге жасайтын соққыларының тиімділігіне күмән тудырды.
- Израиль үшін Иранмен арадағы ұзақ қашықтық пен логистикалық шектеулер қиындық тудырады.
Басылымның жазуынша, Иран мен Израиль арасындағы бірнеше мың шақырымдық қашықтық Тель-Авивке ауқымды және тұрақты әскери операциялар жүргізуді өте қиындатады. Израильге щабуыл жасау әлеуетін сақтау үшін АҚШ-тың аралық базалары немесе белсенді қолдауы қажет. Американың сыртқы саясатындағы белгісіздікке байланысты бұл қазіргі уақытта әлі белісіз жағдай.
- Иран халқының дағдарыс кезіндегі жүйеге адалдығы.
The Economist журналы сараптаманың жалғасында Иранның ішінде халық экономикалық және әлеуметтік жағдайларға наразы болғанымен, сырттан төнген қауіп-қатер кезінде осы ел халқы арасында саяси жүйе төңірегінде ұлттық бірлік пен ынтымақтың бір түрі қалыптасатынын баса айтты. Осы ерекшелік қысқа мерзімде тез құлату немесе іштен күйрету сияқты жоспарларды тиімсіз етеді.
Британдық БАҚ Израильдің Иранмен тікелей соғысы Тель-Авивке шешуші әскери табыс әкелмеуімен қатар, егер қақтығысты диалог пен арағайындық алмастырмаса, Израильді шығынды және тоздыратын аймақтық дағдарысқа ұшыратуы мүмкін деп қорытындылады.
















