Йемен Қарулы Күштері Рияд әуежайы мен Aramco мұнай өңдеу зауытын нысанаға алғаннан кейін әуе компанияларына рейстерін тоқтатуды ескертті.
Йемен Қарулы Күштерінің мәлімдеме жариялап, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдарына жауап ретінде соңғы 24 сағат ішінде үш ауқымды әскери операция барысында Сана қаласына және Әл-Жауф, Таиз, Хадджа, Саада және Мариб облыстарына әуеден зымыранмен 60 рет соққы жасағандарын хабарлады.
Бірінші операцияда Риядтағы Халид халықаралық әуежайы баллистикалық, қанатты зымырандармен және дронмен атқыланып, әуежайдың жұмысы бұзылды.
Екінші операцияда Рабиғ қаласындағы Aramco мұнай өңдеу зауыты нысанаға алынып, снаряд тиген жерде өрт шықты.
Үшінші операцияда Абха әуежайы, Хамис Мушаит әскери базасы, Асирдегі Акафа лагері және Нажран мен Гизан аймақтарындағы бірқатар маңызды нысандар атқыланды.
Йемен Қарулы Күштері Сауд Арабиясының әуе кеңістігін пайдаланатын барлық халықаралық әуе компанияларына өз рейстерін тоқтатуды ескертіп, бұл ескерту Мекке мен Мәдина қалаларының әуе кеңістігіне қолданылмайтынын мәлімдеп, шабуылдардың күшеюіне қарсы тұруға қажет мүмкіндік пен құрал-жабдықтарының бар екенін және бұл текетіресті жалғастыратындарын қуаттады.
Осы мәліметке сәйкес, қақтығыстар ушыққаннан бері Сауд Арабиясы Йеменге әуе және зымыранмен жалпы саны 1576 рет шабуыл жасаған.













