Йеменнің шабуылдары Сауд Арабиясының ұлттық мұнай-газ компаниясы «Арамконың” жұмысын тоқтатты.
Сауд Арабиясының Энергетика министрлігі бүгін, сейсенбі күні таңертең Йемен қарулы күштерінің елдің оңтүстігіндегі энергетикалық нысандарға жасаған шабуылдары өртке және кейбір нысандардың жұмысын уақытша тоқтатуға әкеп соқтырғанын хабарлады.
Бұл шабуылдарда Абхадағы Арамко мұнай өңдеу зауыты нысанаға алынды, сонымен бірге Абха әуежайына шабуыл жасалғаны және Сауд Арабиясының оңтүстік аймақтарында жарылыс дауыстары естілгені туралы хабарламалар жарияланды.
Бұл — соңғы 48 сағаттан аз уақыт ішінде Сауд Арабиясының мұнай нысандарына жасалған үшінші шабуыл.
Шабуылдардың мақсаты Сауд Арабиясының ең әлсіз әрі маңызды тұсы — мұнай инфрақұрылымын нысанаға алу арқылы Эр-Риядты әскери операцияларды тоқтатуға және қоршауды шешуге мәжбүрлеуді көздейді.
Айта кетейік, Saudi Aramco — Бас штаб-пәтері Дахран қаласында орналасқан Сауд Арабиясының ұлттық мұнай-газ компаниясы.
Түсім көлемі мен мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі энергетикалық корпорациялардың бірі болып табылады және ел экономикасының басты тірегі саналады.
Елдің оңтүстігіндегі Абха және Джазан сияқты қалаларда ішкі нарықты отынмен қамтамасыз ететін мұнай өңдеу зауыттары, мұнай сақтау қоймалары мен тарату орталықтары бар.
АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да елдерде ғылыми-зерттеу орталықтары мен филиалдары жұмыс істейді.

















