Сионистік режимнің қорғаныс министрі Кац Ғаза секторының қирандыларын көргенде жақсы сезімге бөленетіні туралы уәж айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Исраэль Кац Ғаза секторының солтүстігіне жасаған сапары кезінде осы режимнің қылмыстары салдарынан түзілген үйінділерді көргенде жақсы сезімге бөленетінін айтты.
Ол бұл жағдайды «мұқият жоспарланған саясаттың нәтижесі» деп атап, мұндай көріністерді тамашалау өзіне жақсы әсер қалдыратынын мәлімдеді.
Сионистік режимнің қорғаныс министрі Исраэль Кац осы аймақта әскери бағыттағы үш колония құруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Араби 21» басылымының хабарлауынша, Кац Ғазадағы қираған көріністерді көргенде қандай сезімде болатыны туралы сұраққа еш кідірместен: «Бұл керемет сезім, солай емес пе?» — деп жауап берген. Ол сонымен қатар: «Бұлардың барлығы қауіп-қатерді жоюға бағытталған нақты есептелген саясаттың нәтижесі», — деді.
Ол сөзін жалғап: «Тосыннан шабуыл жасап, кіріп-шығып жүрудің орнына, Израиль әскері қазір іште қалып, содырлар сыртқа қуылды, ал үйлер жермен-жексен етілді», — деді.
Басқыншы режимнің 14-арнасы бұл сапардың ең даулы сәттерінің бірі Кацтың жаңа стратегиялық мақсатты ортаға салған кезі болғанын хабарлады. Бұл мақсат Ғаза секторының солтүстігінде еврейлердің тұрақты құзырын қамтамасыз етуді көздейді.
Кац: «Мен Ғаза секторының солтүстігінде, Израиль 2005 жылы бұл аймақтан шығып кеткенге дейін болған жерлерде әскери мақсаттағы үш «Нахал» қоныстану орталығын құруды жоспарлап отырмын», — деді
«Нахал» топтары — әскери-қоныстану сипатындағы жастар тобы. Олар тарихи тұрғыдан сионистік жаңа тұрғын үй кешендерін немесе қоныстарын салу үшін пайдаланылып, кейін бұл жерлер бейбіт тұрғындар мекендейтін қоныстарға айналдырылатын.
Кац бұл қадамды қауіпсіздік тұрғысынан өте қажет деп ақтап: «Бұл шара бақылауды күшейтіп, қоныстарды қорғауды нығайтады, ал бұл бізге тиісті уақытта аса қажет дүние», — деген уәж айтты.
















