Халықаралық қылмыстық сот прокуроры Карим Хан Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Йоав Галантты тұтқындауға ордер беруді сұрады.
Еуразия Тудейдің Едиот Ахронот басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Карим Хан кеше, қыркүйектің 10 күні тағы Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Йоав Галантты Газа секторындағы операция кезінде «әскери қылмыстар істеді» деген айыппен тұтқындауға ордер беруді сұрады.
Халықаралық қылмыстық сот прокуроры Карим Хан Биньямин Нетаньяху мен Йоав Галантты тұтқындауға ордер беру туралы алғашқы өтінішін 21 мамырда жіберген.
Гаага соты 10 маусымда Биньямин Нетаньяху мен Йоав Галантты тұтқындауға ордер беру мәселесін қарауды кейінге қалдырды. Израиль Халықаралық қылмыстық сот юрисдикциясын мойындамайды.
Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газа секторында 7 қазаннан бері Израиль шабуылдарынан 40 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, аймақта апатты гуманитарлық жағдай қалыптасты. Карим Хан Нетаньяху мен оның қорғаныс министрі аштық саясатын Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс қаруы ретінде пайдаланып жатқанын айтады.



















