Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ирандағы жаппай наразылықтарды қолдайтынын ашық мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ирандағы жаппай наразылықтарды қолдайтынын ашық білдірген Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранда билік ауысқан жағдайда бұл елмен серіктестік орнатуға уәде берді.
Биньямин Нетаньяху бұл туралы жексенбі күнгі үкімет отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеп, Израильдің Иран Ислам Республикасындағы жағдайды жіті бақылап отырғанын айтты.
Нетаньяху: “Бостандық жолындағы шерушілер бүкіл елге жайылды. Израиль халқы мен бүкіл әлем Иран азаматтарының керемет ерлігіне таңданыспен қарап отыр. Израиль олардың бостандық үшін күресін қолдап, жазықсыз бейбіт тұрғындардың жаппай өлтірілуін қатаң айыптайды. Бәріміз Иран халқы жақын арада тираниядан азат болады деп үміттенеміз. Сол күн келгенде Израиль мен Иран екі халықтың бақ-берекесі мен бейбітшілігі жолында сенімді серіктестерге айналады”, -деді.
Нетаньяхудың “бейбітшілік пен бақ-береке әкелетін” әрекетін Ливан, Газа және Сирия жерлерінен көруге болады. Ол жақта күн сайын лаңкестер мен Израиль армиясының қолынан жүздеген адам қаза тауып, қаншама адам аштықтан қырылып жатыр.
Айта кетейік, Иранда бейберекеттікті тікелей ұйымдастырып, қоздырып жүрген Израильдің Моссад барлау қызметінің агенттері ұсталып жатыр.


















