Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктегі Қытайдың тұрақты өкілі Ли Сун Иранға қарсы қарар қабылдауды талап ету жағдайды одан әрі ушықтыратынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ли Сун Агенттіктің Басқарушылар кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде мәлім етті. Сун Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігі Басқарушылар кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: “Күш қолдануды ойланбай таңдаған және қақтығыс пен қысымға табанды түрде ұмтылған елдер Иранның ядролық мәселесінің қазіргі жағдайына жауапты”, — деді.
Ли Сун Иранның ядролық мәселесіне қатысты түбегейлі өзгеріс биыл маусым айында Израиль мен Америка Құрама Штаттарының Агенттік кепілдігімен қорғалған Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауынан кейін болғанын, бұл Иранның ядролық мәселесі бойынша жағдайдың түбегейлі өзгеруіне әкелгенін баса айтты.
Қытай дипломаты мұндай әрекеттер халықаралық қоғамдастық пен Агенттік тарапынан қатаң айыпталуы тиіс екенін қуаттады. Сондай-ақ, Ли Сун бұған дейін қол жеткізілген оң қадамдарға да тоқталып: “Қыркүйек айында АҚХА Бас директоры мен Иран “Каир келісіміне” қол жеткізді. Бұл екі тарап үшін де қауіпсіздік шаралары саласындағы ынтымақтастықты толық қалпына келтіру үшін маңызды мүмкіндік болуы керек еді”,- деді.

















