Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) Израиль парламентінің (Кнессет) жаңа заңын режимнің нәсілшілдік әрекетінің тағы бір дәлелі деп атады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, ХАМАС тобы мәлімдеме жасап, Израильдің палестиналық бір отбасын мүшесі жанкештілік жарылыс жасады деген сылтаумен елден шығару туралы заң қабылдауын бұл режимнің нәсілшілдік әрекетінің тағы бір дәлелі екенін баса айтты.
Мәлімдемеде сондай-ақ: «Кнессетте 14 жасқа толмаған балаларды соттауға және түрмеге жабуға рұқсат беретін заңның қабылдануы халықаралық заңдар мен келісімдерді әшкере бұзу болып табылады.
Бұл заң БҰҰ-ның бала құқықтары туралы конвенцияларын бұзады және фашистік басқыншылардың Палестина халқының барлық секторларына қарсы жасаған қылмыстық қадам болып табылады»,- деп жазылған.
Айта кетейік, қазанның 28 күні Израиль парламенті Кнессет UNRWA-ның Израильдегі қызметін тоқтату туралы жаңа заң жобасын мақұлдады.



















