Конго Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанмен энергетика саласы бойынша байланыс орнатудың перспективасына баса назар аударды
Дени Сассу-Нгессоның айтуы бойынша Конго экономикасы мұнай өнеркәсібіне негізделген. Қазақстанның осы салада тәжірибесі мол. Бұдан бөлек пайдалы қазбалардың өзге де түрлерін игеруде ықпалдастық орната аламыз. Бұл орайда Конгоның энергетика секторы қазақстандық операторларға зор мүмкіндік ұсынады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның елімізге сапары тарихи маңызға ие екенін айтты.
Мемлекет басшысы: «Бұл сапар Қазақстан мен Конгоның қарым-қатынастарына тың серпін береді деп санаймын. Сонымен қатар Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етері сөзсіз. Біз бір-бірімізді қолдап, табысқа бірге жететінімізге сенімдімін», – деді.
Айта кетейік, бүгін, тамыздың 2 күні Қазақстанға Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо ресми сапармен келді.
















