«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір әлем рекордын орнатты.
Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясының есебі бойынша, Криштиану Роналду кәсіпқой деңгейде жеңіліссіз 1000 матч өткізген бірінші футболшы.
Бұл көрсеткіш Азия чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші турында «Әл-Наср» командасының «Персеполис» командасын ұтқанда тіркелді.
Осылайша, Роналду карьерасында 777 ойында жеңіске жетіп, 224 рет тең ойнаған екен.
Еске сала кетсек, 17 қыркүйекте Иранда Азия чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші турының матчы өтті. Онда жергілікті «Персеполис» футбол командасы саудиялық «Әл-Насрдан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.















