«Әл-Наср» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду «Әл-Наср» құрамымен кеше, 18 қыркүйек күні Иранға келіп, жергілікті халықты қуантты.
Ирандықтар португалиялық жұлдызды ыстық ықыласпен күтіп алып, сый-сияпаттарын тарту етті.
Криштиану Роналдуға ирандықтар үлкен кілем сыйға тартқан. Сондай-ақ интернетті шексіз пайдалануға болатын сим-карта сыйға тартылған.
Tarafdari мәліметінше, португалиялықтың қолы тиген заттар жаппай сатылымға шыққан және олардың арасында, қарбыз, майлық, тіпті кілемнің жібі де бар.
Иран астанасы Теһранға келген команда азиялық Чемпиондар лигасы аясында жергілікті «Персеполис» клубымен кездесу өткізеді.
«Әл-Наср» және «Персеполис» командалары бүгін, 19 қыркүйек күні кездеседі.
Сауд Арабия чемпионатында Роналдудың командасы алты турдан кейін 12 ұпай иеленіп, алтыншы орында келе жатыр.
Еске сала кетсек, Роналду «Әл-Наср» құрамына 2023 жылдың қаңтар айында қосылды.


















