Португалия УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымының алғашқы ойынында жеңіске жетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, 5 қыркүйекте УЕФА Ұлттар лигасының бірінші туры аясында Португалия мен Хорватия құрамалары Estadio da Luz аренасында кездесті.
Кездесу 2:1 есебімен Португалияның басымдығымен аяқталды.
Диогу Дало 7 минутта матчта есеп ашты. Әлем футболында өз орнын еншілеген Криштиану Роналду ойынның 34-минутында жеңіс голын салды. Диогу Дало ойынның 41-минутында өз қақпасына автогол соғып алды. Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби футбол мансабындағы 900-ші голын соқты.


















