Португалияның ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына дайындық аясында Иран құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Португалия құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына дайындық аясында кезекті жолдастық кездесу өткізуге дайындалып жатыр.
Дереккөздерінің мәліметінше, португалиялықтар маусым айының басында Лиссабон қаласында Иран құрамасын қабылдайды.
Қазір тараптар арасындағы келісім соңғы кезеңге жетіп, матч 2026 жылдың маусым айында “Бенфика” клубына тиесілі әйгілі “Эштадиу да Луш” стадионында өтеді деп жоспарланған. Бұл кездесу Португалия құрамасы үшін аса маңызды.
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде португалиялықтар Өзбекстанмен, Колумбиямен, сондай-ақ плей-оффта анықталатын Конго Демократиялық Республикасы, Ямайка немесе Жаңа Каледония командаларының бірімен кездеседі.
Португалия ұлттық құрамасының бапкерлік штабы Иран құрамасының ойын үлгісі Өзбекстан командасының үлгісіне жақын деп есептейді. Сондықтан бұл жолдастық кездесу командаға тек жалпы ойын бабын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қарсыластарға қарсы тактикалық нұсқаларды пысықтауға мүмкіндік береді.
Сарапшылардың пікірінше, Лиссабонда өтетін бұл кездесу Португалия үшін қарсыластарына бейімделуге және ойын үлгісін одан әрі жетілдіруде маңызды қадам болмақ.



















