Кувейт әмірі шейх Машал әл-Ахмед әл-Джабер әл-Сабах елдің Парламенті — «Үмбет мәжілісін» тарату туралы жарлық шығарды.
Кувейттің ресми ақпарат агенттігі KUNA кеше, бейсенбі күні осы елдің әмірі Машал әл-Ахмад әл-Джабер әл-Сабахтың бұйрығына сәйкес, Кувейт парламенті — «Үмбет Мәжілісі» таратылғанын хабарлады.
Осы мәлімет бойынша Кувейт әмірі Шейх Машал әл-Ахмед әл-Джабер әл-Сабах тиісті шешімді парламент мүшелерінің «конституциялық қағидаттарды бұзғанына» байланысты қабылдады.
«Үмбет мәжілісі» — бір палаталы Парламент — Кувейттің заң шығарушы органы.
Осы елдің Конституциясына сәйкес, Мәжілісті әмір шақырады және ол жаңа шақырылым үшін оны қысқа мерзімге тарата алады. Мәжіліске 50 депутат мүше.


















