Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Кувейт Үкіметі мен халқына көңіл айтты.
Еуразия Тудейдің ISNA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Кувейт Үкіметі мен халқына ондаған адамның өмірін қиған және жарақат алған оқыс оқиғаға байланысты көңіл білдірді.
Насер Канани Кувейт Үкіметіне және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тез арада сауығуын тіледі.
Кеше, 12 мамыр күні Кувейтте көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 49 адам көз жұмды. Оқыс оқиғадан тағы 50-ге жуық тұрғын жарақат алды.
Мангаф қаласындағы өрт болған ғимаратта шетелдік жұмысшылар тұрған.
Деректерге сүйенсек, өрт таңертең бірінші қабатта орналасқан дәмханадан шыққан. Өрт газ баллондар санының көптігінен ғимаратта жылдам тараған. Баспана тұрғындардың басым бөлігі улы газдан көз жұмған.
Ғимарат ішінде болған тұрғындардың көбі терезеден секіріп, түрлі жарақат алған.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар арасында Үндістан азаматтары да анықталды.
Кувейт Премьер-министрінің орынбасары Фахад Юсуф Сауд әл-Сабахтың айтуы бойынша, өрт шыққан нысан иелері қауіпсіздік шараларын сақтамаған.
Қазіргі кезде өрт толығымен сөндіріліп, оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.


















