Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесінің хатшысы Әли Лариджани қарсыласудың әрдайым берік екенін әрі жеңіске жететінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесінің хатшысы Әли Лариджани X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Лариджани хабарламасында: “Палестина халқының кепілге алынған тұтқындарды салтанатты түрде қарсы алуы жеңіске жеткен тараптың кім екенін көрсетті”, – деп жазды.
Сондай-ақ Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесінің хатшысы: “Сионистік режим бүгінде екі жыл бойы қатыгез қырғыннан кейін ХАМАС ұстанымдары мен халықтың жүрегіндегі қарсылықтың айтарлықтай нығая түскенін кадрлардан көріп отыр”, -деді.
Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС арасындағы өзара келісім негізінде тұтқындар босатылды. Шартқа сәйкес, ХАМАС кепілге алған адамдарды қайтарды. Израиль қамауда ұстап отырған 1968 палестиналықты босатты.













