Сарапшылар пандемия жылдарын ең нашар жыл болды деп есептеу қателік, 2030 жылға қарай әлемді аштық күтіп тұр деп дабыл қағуда.
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы пандемия кезінде азық-түлік тапшылығы салдарын сезінген адамдар саны артып, аштық мәселесі күрт өскенін, енді Ресей мен Украина арасында соғыс жалғасып, бұл дағдарысты күшейтіп жібергенін айтады.
БҰҰ-ның есептеуі бойынша, Украинада соғыс жалғасатын болса, әлемнің түкпір-түкпірінде аштыққа ұшырағандар саны 2030 жылға қарай тағы 600 миллион адам аштықтан зардап шегеді.
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы 2022 жылы әлемде 691 миллионнан 783 миллионға дейін адам азықпен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеді деп есептейді.
Ресей мен Украина соғысы салдарынан Украинаның көптеген алқаптарында дәнді-дақыл егу кейінге қалдырылды. Сондай-ақ Украинаның бидай алқаптарының көбі соғыс алаңына айналған.
2021 жылы екі ел де әлемдегі ең ірі бидай, жүгері және күнбағыс майын экспорттаушылардың үштігіне кірді. Ресей Федерациясы сонымен қатар тыңайтқыштардың ірі экспорттаушысы болып табылады. Бұл тұрғыда соғыстың негізгі салдарының бірі әлемдік азық-түлік бағасының өсуі болды. Дүниежүзілік азық-түлік бағасы соғысқа дейін тұрақты түрде көтерілгенімен, соғыс салдары азық-түлік бағасының күрт өсуіне ықпал етті.
БҰҰ ұйымының бағалауы бойынша, азық-түлік импортының әлемдік көлемі 2022 жылы рекордтық деңгейге жетті және шамамен 2 трлн долларды құрады. Тыңайтқыштардың әлемдік бағасы да өсті.
Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, ауылшаруашылық өнімдерін импорттауда жаһандық шығындар 2022 жылы 48% – ға өсіп, 424 миллиард долларға жетті. Осы факторлардың барлығы әлемдік деңгейде азық-түлік бағасының өсуіне ықпал етті және бұл өз кезегінде жалпы инфляцияға айтарлықтай ықпал етті.
Азық-түлік бағасының өсуі Африкаға, әсіресе Йемен секілді кедей әрі соғыс жүріп жатқан елдерге қатты әсер етті. Африкада жаһандық аштық көрсеткіші 2021 жылғы 19,4% — дан 2022 жылы 19,7% — ға дейін өсті.
ФАО сарапшылары әлемнің түкпір-түкпірінде аштыққа ұшырағандар саны 2030 жылға қарай тағы 600 миллион адам аштықтан зардап шегеді деп болжайды. Әсіресе Африкада 2030 жылға қарай аштық көлемінің айтарлықтай өсуі болжануда.
Егер осы тенденция жалғаса берсе, тұрақты даму мақсаттарының екіншісі саналатын 2030 жылға қарай аштықты жою мүмкін болмайды, деп санайды сарапшылар.
Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының есебі бойынша, 2020 жылдың ортасынан бастап әлемде баға шамамен 75 пайызға артқан.
Дүниежүзілік даму орталығының сараптамасы бойынша, Украинадағы соғыс пен Ресейге қарсы санкциялар жалғаса беретін болса, алда тағы шығын артып, адамдардың тұрмыс жағдайы нашарлайды.



















