Ливан Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сионистік режимнің атысты тоқтату туралы келісімді бұзғаны үшін тағы шағым түсірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ливан СІМ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тағы шағым түсіріп, осы ұйым мен атысты тоқтатуды қолдайтын елдерді Тель-Авивті өз міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу үшін осы қайталанып отырған қылмыстарға қарсы қатаң ұстанымға шақырды.
Ливан Сыртқы істер министрлігі Қауіпсіздік Кеңесіне сионистік режимнің атысты тоқтату келісімі мен 1701 қарарды бұзу қылмыстарының жалғасып отырғаны туралы шағымын Нью-Йорктегі делегациясы арқылы түсірді.
Шағымда атысты тоқтату келісімі жасалғаннан бері сионистік режимнің бұл келісімді бұзушылықтары, соның ішінде үйлерді бомбалау, Ливан азаматтарын ұрлау және елдің оңтүстік бөлігіне оралған тұрғындарға шабуыл жасау туралы айтылады.
Сонымен қатар, шағымда Ливан Сыртқы істер министрлігі атысты тоқтату кезіндегі сионистік режимнің басқыншылығынан ондаған ливандықтың қаза болуы мен жараланғанын айтып, басқыншылардың осы елдің әскери қызметкерлері мен журналистерге жасаған шабуылына наразылық білдірді.
Сондай-ақ, Ливан Қауіпсіздік Кеңесін, әсіресе атысты тоқтатуды қолдайтын елдерді келісімді бұзушылықтардың қайталануына қарсы берік және нақты ұстанымға және сионистік режимді өз міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеуге күш салуға шақырды.



















