Ливан СІМ басшысы Израильмен бүгін, сәрсенбі күнінің соңына дейін атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізуге үміт білдіріп, басқыншылық тоқтамай, қарсылық жалғасатынын баса айтты.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Ливанның Сыртқы істер министрі Абдулла Бухабиб Ливанда атысты тоқтатуға байланысты мәлімдеме жасады.
Абдулла Бухабиб: “Біз бүгін кешке атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізіліп, Израиль министрлер кабинетінің отырысында бұл шешім талқыланады деп үміттенеміз”,-деді.
Израильдік Walla агенттігінің хабарлауынша, бүгін, 27 қарашада Израиль министрлер кабинетінің қауіпсіздік және саяси мәселелер бойынша отырысы өтеді. Отырыста атысты тоқтату туралы келісім талқыланып, бекітіледі деп жоспарлануда.
Ливан СІМ басшысы: “Атысты тоқтату келісімі аясында біз армиямыздың бес мың сарбазын елдің оңтүстігіне орналастырамыз”,- деп мәлімдеді.



















