Израильдік БАҚ Ливандағы атысты тоқтату туралы келісімінің бүгін таңертең күшіне енетінін жазды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, израильдік БАҚ Ливандағы атысты тоқтату туралы келісім бүгін сағат 04:00 пен 06:00 арасында күшіне енетінін жазды.
Израильдің 12-телеарнасының Израиль үкіметінің өкілдеріне сілтеме жасап мәлімдеуінше, солтүстік майданда атысты тоқтату келісімі кеше жарияланып, бүгін таңертең күшіне енеді.
Сондай-ақ, телеарна Ливандағы атысты тоқтату келісімінің кеше Израиль уақытымен 22:00-де АҚШ пен Франция тарапынан жарияланатынын жазды.
Келісім бойынша, Израиль әскерлері Ливаннан шығарылады. Ал, Хезболла қозғалысы өз жауынгерлерін Израиль мен Ливан арасындағы бейресми шекарадан әкетеді.



















