Ливандық сарапшы Джордж Акури Ливандағы саяси шиеленістің алдын алуға болатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ливан жазушысы әрі сарапшы Джордж Акури мұндай пікірді РИА Новости агенттігіне берген сұхбатта мәлімеді.
Джордж Акуридің айтуынша, “Хезболла” қозғалысының басшылығы әскери риторикасынан бас тартып, саяси партия ретінде қызметін жалғастырса, Ливандағы саяси шиеленістің алдын алуға болады.
Ливан Үкіметі 5 тамыз күні “Хезболла” ұйымы қарусыздандыру туралы жоспарын бекітіп, 2025 жылдың соңына дейін қару-жарақтарын ел армиясына тапсыруы керектігін мәлімдеді. Алайда “Хезболла” қозғалысының басшылығы Үкіметтің бұл шешімін “үлкен қателік” деп атап, онымен келіспеді.
Сарапшы: “Бас тарту саясаты партияның жойылып кетуіне әкелуі мүмкін. 7 қазаннан кейін жағдай өзгерді. Қазіргі таңда жалғыз жол — саяси өмірге араласып, кез келген әскери риторикадан бас тарту. Партияның қарулы миссиясының жалғасуы Ливанға нұқсан келтіріп, тұрақтылық пен өркендеуге көшуге кедергі жасайды”, — деді.
Сарапшының пікірінше, “Хезболла” қозғалысы өкілдерінің мәлімдемелеріне қарағанда, саяси шиеленіс әлі де жалғасуы мүмкін.
Сарапшы: “Бірақ шешім еш қиындықсыз орындалады деген үміт те бар. Себебі, шиеленіс құнын қарапайым ливандықтар төлейді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін Хезболла оң қадам жасап, Үкіметтің шешімімен келісіп, оны мойындауы керек”, — деді.
Сарапшы “Хезболла” ұйымын қарусыздандыру мәселесін Ливанның тұрақтылығы мен оған деген сенімді қалпына келтіру үшін маңызды деп санайды.
Акури: “Ливан Президенті Джозеф Аун қызметіне кіріскеннен бері екі жақта да беделін сақтау үшін Хезболламен келіссөз жүргізуге тырысты. Бірақ ол бұл процестің тым баяу жүріп жатқанын мойындады. Бұл Үкіметтің шешімін тездетуге түрткі болған сияқты», — деді.
Ливан Хезболласының Бас хатшысы Наим Қасем мәлімдемесінде Израильдің Ливан аумағын оккупациялауы мен сионистік режим армиясының тұрақты шабуылдары жалғасып жатқан кезде қарусыздану мәселесін талқыламайтынын айтты. Ол билікті ең алдымен ел егемендігінің қауіпсіздігіне кепілдік беруге және 2024 жылдың қараша айында қол жеткізілген атысты тоқтату келісімінің барлық тармағын Израильдің орындауын қамтамасыз етуге шақырды.
Ливан Хезболласының Бас хатшысы ұйымның кез келген жағдайда Ливанды сыртқы қауіптен қорғауды жалғастыратынын баса айтты.




















