Иран СІМ орынбасары Маджид Тахт-Раванчи мен Еуропалық Одақ сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары Олаф Скуг Венада кездесіп, келіссөз жүргізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран СІМ орынбасары Маджид Тахт-Раванчи Press TV арнасына берген сұхбатында сейсенбі күні Венада Олаф Скугпен кездесіп, ядролық бағдарлама, санкцияларды жою және келіспеушіліктерді дипломатиялық жолмен шешу мәселелерін талқылағанын айтты.
Маджид Тахт-Раванчи сөзінде: “Бұл кездесуде Иран мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың әртүрлі бағыты, соның ішінде ядролық мәселе талқыланды”, — деді.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары ядролық мәселенің екі тарап үшін де маңызды екенін айтып: “Бұл келіссөз қазіргі біздің осы мәселе бойынша пікір алмасу тәжірибемізге сәйкес жүргізілді. Біз Еуропалық Одақпен, сондай-ақ, Еуропадағы, Қытайдағы және Ресейдегі келіссөз жүргізушілермен тығыз ынтымақтастық арқылы бұл мәселенің шешімін таба аламыз деп үміттенеміз”,- деді.
















