Франция Президенті Эммануэль Макрон елінің алдағы айларда Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындауы мүмкін екенін айтты.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Эммануэль Макрон Францияның маусым айында Сауд Арабиясымен бірлесіп өткізілетін халықаралық конференция аясында Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындауы мүмкін екенін мәлімдеді.
Макрон Мысырға жасаған екі күндік сапарынан кейін Палестинаны мойындау мәселесі туралы France 5 телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Франция Президенті маусым айында Сауд Арабиясымен бірге өткізетін екі мемлекет шешіміне арналған халықаралық конференцияға сілтеме жасап: “Біз Палестинаны мойындауда ілгерілеуіміз керек. Біз бұл қадамды алдағы айларда жүзеге асыруымыз мүмкін”, — деді.
Президент Макрон конференцияда Палестинаны мойындау мәселесін түпкілікті шешу жоспарланып отырғанын айтты.
Эммануэль Макрон 6-7 сәуір күндері Мысырға жасаған сапары кезінде Палестина мен Израиль арасындағы екі мемлекет шешімін қарастыратын халықаралық конференция ұйымдастыратынын мәлімдеді.
Макрон 2024 жылы Францияда Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындауға тыйым салынбағанын айтқан болатын.
Франциядағы оппозиция Израильдің Газа секторына шабуыл жасаған 2023 жылдың 7 қазанынан бері Палестинаны шұғыл түрде мемлекет ретінде мойындауға шақыруды күшейтті.




















