Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Франция президенті Эманнуэл Макронмен кездескеннен кейін жасаған мәлімдемесінде Мажарстанның Украина соғысында не Киевті, не Мәскеуді жақтамайтынын, тек Украина соғысының бейбіт жолмен шешілуін қолдайтынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Виктор Орбан сөзінің жалғасында: «Мен Франция президентіне Мажарстанның Украина немесе Ресей үшін жұмыс істемейтінін, бірақ бейбітшілік үшін әрекет ететінін анық айттым. Мажарстан мына немесе ана мемлекетке қарсы емес, Мажарстан соғысқа қарсы»,- деді.
Мажарстан премьер-министрі Орбан басты мақсаты ЕО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту болып табылатын Будапешттің алдағы алты айға Еуропа Одағына төрағалық ету жобасын Макронның қолдағанын мәлімдегенін айтты.
Euro News агенттігінің хабарлауы бойынша Франция президенті Эммануэль Макрон мен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Парижде келіссөз жүргізді. Кездесу Венгрияның Еуроодақ кеңесіне төрағалығының басталуына бірнеше күн қалғанда және 27-28 маусымда Брюссельде өтетін Еуроодақ саммиті қарсаңында өтті.
Париж — Орбан сапарында Германия канцлері Олаф Шольц және Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен кездескен Берлин мен Римнен кейінгі үшінші аялдамасы.
Венгрия биылғы жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында ЕО-ға төрағалық етеді.
















