Америка Миграция полициясының қызметкерлері ауруханаға жұмысқа бара жатқан әйелге қатігез қатынас көрсетіп, оны құрықтады.
АҚШ кеден және шекараны қорғау қызметінің мәліметі бойынша, Флорида штатының Ки-Ларго қаласындағы федералды агенттер үстіне медициналық киім киген бір әйелді көлігінен күштеп шығарып, оны жерге құлатып, қолына кісен салды. Кейін көлігіне тінту жүргізді.
Ол айғайлап, өзінің Америка азаматы екенін айтып, неге бұлай істеп жатқандарын сұрады.
АҚШ Ішкі қауіпсіздік департаменті шабуылдың жасалу себебін әйел терезесін түсіруден немесе жүргізуші куәлігін беруден бас тартқан деп ақтады.












Discussion about this post